Бірлескен рейдтік іс шаралар өткізу жалғасуда

Бірлескен рейдтік іс шаралар өткізу жалғасуда

Алдағы жылыту маусымына байланысты өрттердің санын азайту мақсатында, Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция қызметімен, еріктілермен, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, өртке қарсы нұсқамалар жүргізу мақсатында азаматтардың тұрғын үйлерін аралау ұйымдастырылды, халыққа пеш және газ жабдықтарын орнату және пайдалану, электр жабдықтары мен газ баллон қондырғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге ерекше назар аударылуда. Рейд барысында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп,өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды.

Егер сізде үй жылытупеші болса, жылыту маусымның басталуына дейін мынандайіс-шаралар жүргізілуі керек:

  1. Түтін мұржалары мен пештерді ыстан тазалау.
  2. Сызат пен жарықтары бар құбырды пайдаланбау.
  3. Пеш жағыр кезде 50-70 см. металл парағын орнату қажет.
  4. Пеш үстіне киім мен отынды кептірмеу.
  5. Пешті қараусыз қалдырмау.

Өзіңіздің қауіпсіздігіңізге жауапты екендігіңізді есте сақтаған жөн.

 

Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Е. Кадирбеков