Абай болыңыздар өрт қауіпті кезең!

Абай болыңыздар өрт қауіпті кезең!

Статистика бойынша өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын секторына келеді. Өрттердің себебі бір – тұрғындардың отпен абайсыздығы, балалардың отпен ойнауы, электрлік және газды құрылғыларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу. Ал өрттің салдары – адам қазасы, баспана мен материалдық құндылықтардың жойылуы. Сондықтан да әр тұрғынға жеке барып, өз қауіпсіздіктеріне салғырт қараудың салдарын ескерту – азаматтық қорғау органының міндеті.

          Осы мақсатта Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын секторын аралау арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Профилактикалық жұмыс кезінде тұрғындарға өрт және су қауіпсіздігі қағидаларын сақтау ескертілді. Аудан бойынша өрт статистикасымен және тұрғын секторындағы өрттерің себебімен таныстырды.

          Сондай-ақ, профилактикалық нұсқаулар берді:

- аула іші мен оған іргелес аумақты қоқыстан және құрғақ шөптен уақытылы тазартыңыз;​

- қоқыс немесе шөпті аулада, орман жанында өртемеңіз, алау жақпаңыз;​

- сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені жерге тастамаңыз;​​- далада бөтелкелер, сынған әйнектер қалдырмаңыз, олар күннің астында линзаға айналып, күннің сәулесінен кенеттен шөптердің жануын тудырады;​

- май, бензин, керосин және тағы да басқа жанғыш заттар сіңген материалдарды қалдырмаңыз;​​

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз. Үйде және табиғатта сіріңкемен ойнаудың қауіптілігін түсіндіріңіз.​

          Өрт кезінде жедел 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз!

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і