Кезекте тұрған азаматтарға және бүгінгі күні кімге берілген тұрғын үй және жер учаскелерін беру жұмыстарына мониторинг.

Кезекте тұрған азаматтарға және бүгінгі күні кімге берілген тұрғын үй және жер учаскелерін беру жұмыстарына мониторинг.

«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мониторинг жүргізді.

Ұлан ауданы бойынша қазіргі таңда тұрғын үйге мұқтаж 1002 адам жалпы кезекте тіркелген, оның ішінде келесі санаттарда;
мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы қызметкерлер-324
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-102
көп балалы отбасылар (оның ішінде «Алтын алқа» наградалары бар көп балалы аналар). «Күмісалка» I және II дәрежелі Ана даңқы немесе «Батыр Ана» атағы)-146
халықтың әлеуметтік осал топтары-427
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйлер-3

2021 жылы аудан бойынша « Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 18 отбасы үймен қамтасыз етілді. Аудан бойынша қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.