Қазақстан Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйегіндегі № 1436 қаулысы бойынша "Республиканың бүкіл аумағында құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі "112" енгізілген. Бұл нөмір ересектер мен балаларға жақсы таныс. Дер кезінде өртке қарсы қызметін шақырту - адам өмірі мен азаматтардың мүлкін құтқарады. Алайда бүгінгі таңда аталмыш нөмірге қоңырау шалу еркелік пен ойынға айналуда.
Жалған қоңырауды екі топқа бөлуге болады: "қателікті" және "әдейі". "Қателікті" шалынған қонырау деп бұл шақырушының су буын, басқа жұмыстардың нәтижесінде пайда болған түтінді үлкен қашықтықтан өрт ретінде қабылдауын және көрінуін жатқызуға болады. Мұндай қоңыраулар жалған немесе қателікті шақыру ретінде есепке жатқызылса да, заң бойынша жазаланбайды. Мамандандырылған қызметтерді «жалған», «әдейі» шақыру немесе көрінеу жалған шақыру – заң бойынша жазаланады. Осыған байланысты, Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі арнайы шұғыл қызметтерді телефон арқылы жалған шақыру, басқа мақсаттар үшін пайдалануы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.
Сонымен Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 438-бабына сәйкес арнаулы қызметтердi біле тұра жалған шақыру :
- Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің» 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ұлан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері хабарлайды: бүгінгі күні бұзақыларды жауапкершілікке тарту үшін, қазіргі заманғы техникалық құралдар арқылы тез және оңай анықтауға болады. Алайда дер кезінде төтенше жағдайлардың қызметін шақыру ол адам өмірі мен оның мүлігін құтқару мүмкіндігі екенін ескерген жөн.
Ұлан ауданы ТЖБ-і