Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

Көкшетау қаласында орналасқан Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына талапкерлерді қабылдау жүргізілуде. Академияға орта білімі бар, 16 жасқа толған, әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ шекті баллы - 50. Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тегін тамақтану және мемлекеттік шәкірт ақымен қамтамасыз етіледі. 1-3 курс курсанттары казармалық жағдайда, 4- курс – Көкшетау қаласында тұрады.

Академияны бітірген тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі және лейтенант атағы беріледі, тұрғылықты жері бойынша ТЖМ бөлімшелеріне кепілді түрде жұмысқа орналастырылады.

Академияға оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық төтенше жағдайлар бөлімдеріне өтініш береді.

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і