«Ұлан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан Қасым Қайсенов кентінің амбулаториясына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында кент тұрғындары үшін амбулатория барлық керекті мамандармен және күнделікті қолданысқа қажет құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілгені анықталды. Сондай-ақ, халыққа қажет медициналық қызмет, яғни дәрігерлердің жеке қабылдаулары жоғары сапада атқаралып жатқандығына көз жеткізілді.
Нәтижесінде амбулатория меңгерушісі және дәрігерлермен жеке ой-пікір алмасу барысында, аудан орталығында халық саны көптігіне байланысты кент тұрғындарына жеке аурухана қажет екені анықталды.