Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 1,5 млннан  астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 1,5 млннан  астам мемлекеттік қызмет көрсетті

9 желтоқсан 2019 ж.  Өскемен қ.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов мәлімдеді. Сондай-ақ отырыс барысында филиал директорының орынбасарлары Руслан Кибке, Жанат Умергалиева және Меруерт Тарыбаева өз жұмыс бағыттары бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндап берді.

Филиал директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, реестрдегі 690 мемлекеттік қызметтің 662-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, оның 645-і электрондық форматта қолжетімді. Жыл басынан бері ШҚО-дағы ХҚО-лар арқылы 1,5 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 1 млн-нан астамын тұрғындар өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% - ға артық көрсеткіш.

Сондай-ақ брифинг барысында Мемлекеттік корпорацияның ШҚО бойынша филиалының басшысы жалпы 2021 жылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу көрсеткішінің артқанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы өңір тұрғындары өз бетінше 900 мыңнан астам, ал ағымдағы жылы 1 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алды.

Сондай-ақ брифинг барысында Мемлекеттік корпорацияның ШҚО бойынша филиалының басшысы жалпы 2020 жылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу көрсеткішінің артқанын атап өтті. Бұл жерде коронавирус пандемиясының ықпалы бар. Мәселен, өткен жылы өңір тұрғындары өз бетінше 430 мыңнан астам, ал ағымдағы жылы 620 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды.

Брифинг барысында фронт-офистердің жұмысын үйлестіру жөніндегі филиал директорының орынбасары Руслан Кибке ШҚО автокөлік иелері қызметтерді жиі онлайн ала бастағанын атап өтті. Осы жылдың басынан бастап мамандандырылған ХҚО-да шығыс қазақстандықтар өз бетінше 26 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алған. Оның ішінде 10 мыңға жуық азамат автокөлікті қайта тіркеуден өткізсе, 3 мыңнан астамы жүргізуші куәлігін онлайн өтініш беру арқылы ауыстырды. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы ШҚО тұрғындары egov.kz портал арқылы 7566 автокөлікті қайта ресімдесе, 2 мың жүргізуші куәлігін электронды тәсілмен алған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні автомобильді онлайн egov.kz және банктік қосымшалар kaspi.kz, homebank арқылы  қайта ресімдеуге болады. Жыл басынан бері kaspi қосымшасы арқылы 13 мыңнан астам автомобиль қайта тіркелді.

Брифинг барысында филиал директорының жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орынбасары Меруерт Тарыбаева бүгінгі таңда заңды тұлға басшысын өзгерту ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап egov.kz порталда заңды тұлғаның басшысын бэк-офистің қатысуынсыз автоматты режимде өзгерту бойынша хабарлама жасау тәртібі қызметі іске асырылды. Бұрын бұл қызмет тіркеуші органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, Тарыбаева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізгенін атап өтті. Енді клиент қалауы бойынша қосымша ақыға нәтижені жеделдетілген тәртіппен нотариус арқылы да, ХҚО арқылы да ала алады.

Бүгінгі таңда нотариусқа жүгінген клиенттерге нәтижелер жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ақы төленгені жөніндегі мәлімет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Көбіне бұл ипотеканы, несиені, кепілді және банктердегі басқа да қажеттіліктерді ресімдейтін клиенттердің мүлкін құжаттау процесін кешіктіруі мүмкін