Қазақстандықтардың БЖЗҚ қызметтеріне сұранысы бір жылда екі есеге артты

Қазақстандықтардың БЖЗҚ қызметтеріне сұранысы бір жылда екі есеге артты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.11.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 33,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп.

Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Салымшыларға 24,5 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 73,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге дерлік (былтыр он айдың ішінде Қор салымшылары қашықтан 14,5 млн жуық қызмет алды) өсті. БЖЗҚ сайты мен ұялы байланыс телефонындағы қосымшада орналасқан Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 5,7 миллиондай қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 17,4% тең. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде бірінші жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

Жүзбе жүз  қызмет көрсету түрі әлі күнге дейін сұранысқа ие. Салымшылар шамамен 2,0 миллион қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету бөлімшелерінде салымшыларға 1 963 472  қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 733,9 мың қызметке (немесе 59,7% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобасының арқасында 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлімшелерінде  Қор салымшыларына 14 820  қызмет  көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша барып қызмет көрсету аясында 88 115 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша кері байланыс арналары арқылы 1,3 миллионнан аса өтініш қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).