«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан Бозанбай ауылдық округінің амбулаториясына мониторинг жүргізді.

«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан Бозанбай ауылдық округінің амбулаториясына мониторинг жүргізді.

Бозанбай ауылдық округі амбулаториясында 2дәрігер, 1 стоматолог, 4 медбике, мезгілдік 4 оператор қызмет атқарады. Жұмыс күндері 8:00-17:00 халыққа қызмет көрсетеді.

Мониторинг барысында амбулаторияда стоматологиялық қызмет, иммунопрофилактика, кәсіби тексерулер, скринингтер, науқастарды диспансерлеу, патронаж қызметі, аулаларды аралау, 4 санаттағы науқастарға үйде қызмет көрсету, қарттарды үйде емдеу, жүкті әйелдерді тексеру, 65 және одан жоғары жастағы адамдарды үйде тексеру кіреді. Амбулатория ЭКГ, электрсорғыш, оттегі концентраторы, аппараттарымен қамтамасыз етілген. Бозанбай амбулаториясында 2020 жылы толық жөндеу жұмыстары болған. Бүгінгі таңда амбулаторияда ауыл тұрғындарының денсаулығына тиісті ем шаралар толық қамтамасыз етіледі.

Бозанбай ауылдық округінің тұрғындарынан дәрігерлердің қызметі бойынша сауалнамалар жүргізілді. Сауаналмалар барысында дәрігерлердің қызметінің сапасы жақсы атқарылып жатқанына көз жеткіздік.