Тағамның жануы

Тағамның жануы

Пәтер иелерінің қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлылықпен қарауы олардың басына қиындықтар туғызады.

Әдетте, тағамның жануы қатты түтінмен бірге жүреді. Майлы тағамды ұзақ уақыт қыздырған кезде май оның бетінен буланып, тез тұтанатын «түтін» түзеді, ол оттегімен бірге жоғары температураның әсерінен немесе кездейсоқ ұшқынның әсерінен лезде жанады. Осыдан кейін өрт перделерге, еденге оңай ауысады.

Сондай-ақ, асүйдегі өрт көбінесе адамдар тамақ дайындаудан гөрі жылытқан кезде болады. Азаматтардың ұмытшақтық салдарын барынша азайту үшін Ұлан ауданының ТЖБ пәтерде өрт анықтағыш датчиктарын орнатуға кеңес береді. Есіңізде болсын - сіздің қырағылығыңыз - сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі!

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і