Ұлан ауданының «Ардагерлер» бөлмесінде ауданның белсенді ардагерлері «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өткізді.

Ұлан ауданының «Ардагерлер» бөлмесінде ауданның белсенді ардагерлері «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өткізді.

Ұлан ауданының «Ардагерлер» бөлмесінде ауданның белсенді ардагерлері «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Бакимбаев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы А. Абдуллина, аналар кеңесінің төрайымы А.Ибраимова және тағы да басқа ардагерлер қатысты. Кездесу барысында Тәусіздіктің 30-жылдығы аясында жоспарланған жұмыстардың орындалуы талқыланды. Аудан мектептерінде патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында оқушылармен кездесулер өткізілді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бакимбаев «Тәуелсіздік мен үшін не?» тақырыбында тұрғындар арасында тікелей эфирға шығып түсіндірме жұмысын жүргізді. 30 жыл ішінде еліне еңбегі сіңген ардагерлер «Алтай» ТВ сұхбат беріп, видеолары әлеуметтік желілерге орналастырылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.