«Жолдау туралы»

«Жолдау туралы»

2021 жылдың 23 қыркүйегінде ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының Президенті   Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  атты жыл сайынғы Жолдауының талқылауы өткізілді.

Талқылауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Бакимбаев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Н.Абдуллина, кәсіби медиатор Т.Танекенова және тағы да басқа ардагерлер қатысты. Н.Абдуллина Жолдауды кездесуге жиналғандарға түсіндіріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған  маңызды тапсырмаларға назар аударып, негізгі міндеттермен таныстырды.

Қатысушылар Президенттің саясатына қолдау көрсетіп, қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

 

Ішкі саясат бөлімі