Электротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары

Электротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
  • Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға және жанғыш негізде монтаж жүргізуге тыйым салынады.
  • Сымдарды тораптарға байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, түсқағаздармен желімдеуге және жанатын әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады.
  • Сымдарды газ және су құбырларына, жылыту жүйесінің батареяларына бекітуге тыйым салынады.
  • Ұзартқыш кабельді кілем астына және есік ойықтары арқылы төсеуге тыйым салынады.
  • Қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("жучок", тығындар) қолдануға тыйым салынады.
  • - Қыздыру аспаптары оларды қосқанға дейін жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарға орнатылуы тиіс.
  • Жанғыш интерьер заттарының (перделер, кілемдер, пластмасса плафондар, жиһаздың ағаш бөлшектері) электр құралдарының қыздырылған беттеріне тимеуін қадағалау қажет.
  • Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен жабуға тыйым салынады.
  • Үйде жасалған электр жылыту құралын пайдалануға тыйым салынады.
  • - Қосылған жылытқышта заттар мен басқа да жанғыш материалдарды кептіруге рұқсат етілмейді.
  • Түнде электр қыздырғыш аспабын қосуға тыйым салынады.
  • Зақымдалған электр розеткалары мен шанышқыларды пайдалануға тыйым салынады.

 

Ұлан ауданының ТЖБ-і