«Жомарт жүрек» байқауы

«Жомарт жүрек» байқауы

2021 жылдың 15 қыркүйек күні Өскемен қаласының «Юбилейный» кинотеатрнда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» - 2021 сыйлығының лауреаттарын салтанатты  марапаттау рәсімі өтті.

«Жомарт жүрек» байқауының мақсаты: туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту; әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін тарату; ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың оң тәжірибесін жергілікті деңгейде іске асыру үшін жинақтау және тарату; қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

«Жомарт жүрек»  сыйлығына лауреаттар аудан әкімінің атынан құттықтау рәсіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген, аудандағы көпбалалы отбасыларына өз қаражаттарынан үй алып берген жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлары қатысты.

Солардың ішінде «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Қайнар» шаруа қожалығы басшысы Зейнолда Солтанғали, «Туған өлке» номинациясы бойынша тарих ғылымдарының доктары, көптеген ғылыми археологиялық экспедициялардың жетекшісі, Археология институты филиалының директоры Зейнолда Самашұлы Самашев, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Иртыш» ЖШС директоры Анатолий Борисович Барков, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша «Қайрат»  шаруа қожалығының басшысы Асвад Рамазанович Усмаев, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша «МД-ЭКО сервис» ЖШС директоры Марат Досым аудан әкімі Ренат Тлеуханұлы Құрмамбаевтың алғыс хаттарымен, «Жомарт жүрек» байқауының сыяпаттарымен марапатталып, іс-шараға жиналғандарға концерттік бағдарлама қойылды.

 

Ішкі саясат бөлімі