Алдағы жылыту маусымына байланысты өрттердің санын азайту мақсатында, Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, өртке қарсы нұсқамалар жүргізу мақсатында азаматтардың тұрғын үйлерін аралау ұйымдастырылды, халыққа пеш және газ жабдықтарын орнату және пайдалану, электр жабдықтары мен газ баллон қондырғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге ерекше назар аударылуда. Рейд барысында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп,өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды.
Егер сізде үй жылыту пеші болса, жылыту маусымның басталуына дейін мынандай іс-шаралар жүргізілуі керек:
Өзіңіздің қауіпсіздігіңізге жауапты екендігіңізді есте сақтаған жөн.
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Е. Кадирбеков