2006 жылғы банкноттарды айырбастау шектеусіз болады

2006 жылғы банкноттарды айырбастау шектеусіз болады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылы 24 мамырдағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі айналыстан шығарылған банкноттардың мерзімсіз айырбастауыды белгілейді.

Осылайша, 2021 жылдың 14 маусымнан бастап Ұлттық Банктің барлық филиалдары айналымнан шығарылған 2006 жылғы үлгідегі 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгенің банкноттарды қабылдайды және олардың дұрыстығын растағаннан кейін оларды жаңа үлгідегі банкноттарға ауыстырады.

2006 жылғы үлгідегі  БАНКНОТТАР


Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалында (Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 3) жұмыс күндері 09-00-ден 15-00-ге дейін комиссиясыз немесе айырбастау үшін төлемсіз айырбастай алады.

Қолма-қол ақша айналысына қатысты барлық туындаған сұрақтар бойынша: Өскемен қ., Қазақстан көш., 3 мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Шығыс Қазақстан филиалына және 8-7232-560-683, 560-682 телефондары бойынша жүгінуге болады.

Сонымен қатар, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпарат www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде орналасқан.

 

Ақпаратты ұсынған  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы