
Көгілдір түсті туымыз бен елтаңбамыз бүгінде Қазақстан Республикасы аталатын тәуелсіз Мемлекет бейнесін әлемге паш етті.
2021 жылдың 4-ші маусым күні Қазақстандықтарға партиоттық рух беретін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, аудан кітапханаларында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды: «Мемлекеттің басты нышаны – рәміздер» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу, «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты бейнебаян, «Ұлттық рәміздер — елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты тақырыптық сағаттар өткізіліп, «Eltanba turali ertegi» көрсетілді.
Шара барысында әнұран шырқалып, рәміздер асқақталды.
Әнұран мәтінінің авторы Ж.Нәжімеденов, оның өмірі, шығармашылығы туралы бөлек айтылды. Биыл оның «Менің Қазақстаным» кітабы 2021 жылғы «Бір ел-бір кітап» акциясының 30 кітабының қатарына енді.
«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Ш.Жунусова