Ұлан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелерін таңдау өткізуге конкурс жариялайды

Ұлан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелерін таңдау өткізуге конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабының 4 тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңес құрамына 1 (бір) ғана өкіл ұсынылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес, Қоғамдық кеңес құрамына мүшелігіне кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын 9 (тоғыз) адам ретінде анықтады.

Ұсыныстар жазбаша түрде Ұлан аудандық мәслихатымен 2021 жылдың 25 мамыр сағат 18.00 дейінгі мерзімде келесі мекен-жайда қабылданады: Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5, 207 кабинет немесе  ulan-maslihat@mail.ru  электрондық пошта арқылы.

Кандидаттың Ұлан аудандық Қоғамдық кеңестің құрамына қабылдау туралы өтініші