Құсманқан Әмина, Ұлан ауданы, Ұлан ауылы мекенжайы бойынша тұратын жеке кәсіпкер.
2020 жылы Құсманқан Әмина "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты аясында мемлекеттік грант алу мақсатында Ұлан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
"Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, 200 АЕК (555 600 теңге) көлемінде грант ұтып алып, домбыра жасау бойынша өз бизнес идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Алынған қаражатқа ол қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні жоба сәтті жүзеге асырылуда.
Әлімқан Гүлнұр үш баланың анасы, Ұлан ауданы, Ұлан ауылында тұратын жеке кәсіпкер.
2020 жылы Әлімқан Гүлнұр "Еңбек"бағдарламасының екінші бағыты аясында мемлекеттік грант алу мақсатында Ұлан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.
"Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, 200 АЕК (555 600 теңге) мөлшерінде грант ұтып алып, сүт өнімдерін өндіру бойынша өз бизнес идеясын іске асыруға, атап айтқанда құрт өндіру үшін аппарат сатып алуға мүмкіндік алды. Алынған қаражатқа ол құрт шығаруға арналған аппарат сатып алды.
Бүгінгі күні жоба сәтті жүзеге асырылуда.