Ұлан аудандық мәслихаты Сізден аудан әкімінің сайтында төмендегі ақпаратты жариялауыңызды сұрайды

Ұлан аудандық мәслихаты Сізден аудан әкімінің сайтында төмендегі ақпаратты жариялауыңызды сұрайды

Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына:

Жетінші шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2021 жылғы сәуір айының 21 күні сағат 11.00-де аудан әкімдігі ғимаратында  өткізіледі.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.30-дан басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 439 «2021-2023 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

А.М. Саденова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының м.а.

  1. «Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

А.Ж. Қайролдинов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі басшысының м.а.

  1. Ұлан ауданы Макеевка ауылының көшесін қайта атау туралы.

М. Қ. Әлібеков – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

4. Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 346 «Ұлан ауданы әкімдігінің жанынан терроризмге қарсы комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы.»