«Оқу калейдоскопы»

«Оқу калейдоскопы»

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету Жылы аясында Ұлан ауданының кітапханаларында 2 сәуір – Халықаралық Балалар кітабы күніне арналған «Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі» атты кітап апталығы өтуде.

Кітапханаларда көрме – инсталляциялар, әдеби ойындар, дауыстап оқу, әдеби викториналар, ертегі кейіпкерлерімен қызықты кездесулер өткізілді.

Кітапханашылар өз оқырмандарына «Оқу калейдоскопын» дайындап, кітаптың шығу тарихы, кітапханалардың құрылуы туралы айтып, кітап әлемі туралы ең қызықты деректерді ұсынды.

 

«Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры А.Жунусова