Аудан әкімдігінің отырысы

Аудан әкімдігінің отырысы

2021 жылғы 26 наурызда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қасым Қайсенов кентінде Ұлан ауданы әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста келесі күн тәртібі талқыланды:

1. Сұрақтар:

 

 

1. Ұлан ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы.

Баяндамашы:

Ерхат Сатыйұлы Сатыев – Жастар ресурстық орталығының директоры.

2. Ұлан ауданында көктемгі дала егістік жұмыстарына дайындық және өткізу барысы туралы.

Баяндамашы:

Еркін Аманжолұлы Смағұлов – кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

 

2. Ақпараттар:

 

 

1. Ұлан ауданында жайылымды ұйымдастыру және мал ұрлығының алдын алу туралы.

Ақпарат беруші:

Нұркен Тұрмышұлы Көпжасаров – аудандық полиция бөлімінің бастығы.

2. Ұлан ауданындағы халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету туралы.

Ақпарат беруші:

Надежда Федоровна Михейлис – жер қатынастары бөлімінің басшысы.

3. Аудан бойынша ауылшаруашылығы жерлерін қайтаруға байланысты атқарған жұмысы туралы.

Ақпарат беруші:

Мақсат Қуанышбекұлы Нұғыманов – Ұлан ауданы әкімінің бас инспекторы.

Мәжілісті аудан әкімі Р. Құрмамбаев қорытындылай келе, талқыланып отырған мәселелердің маңыздылығын көрсетіп, аудандық мемлекеттік мекемелер басшыларының алдына нақты міндеттер қойды.

Ұлан ауданы әкімінің аппараты