Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлайды

Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлайды

Халықтың салғырттығы мен абайсыздығы үлкен алаңдаушылық тудырады атап айтқанда отпен жұмыс істеу кезінде, тұрғын үй ауласының аумағында, одан тыс жерлерде де қоқысты жағу кезінде. Тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарға қауіп төндіре отырып, қоқыстың жануын қараусыз қалдыру, қысқа уақыттың ішінде жанудың өртке айналуы, осының барлығы салғырттықтың, өзіне-өзі сенушіліктің және абайсыздықтың салдары.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 09 қазандағы № 1077 өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес 53 т. 3 т. елді мекендердің аумақтарында жанғыш қалдықтар мен қоқыстар үйінділерін орналастыруға жол берілмейді, бұл жоғарыда аталған ережелерді бұзу болып табылады, осы бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.Сондай-ақ тұрғын үй аулалары мен одан тыс жерлерде қоқыс үйінділерінің ретсіз өсуі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының өтуі мен кіруін қиындатады.