Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің (Салық Кодексі) 526 бабына сәйкес мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды

Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің (Салық Кодексі) 526 бабына сәйкес мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды

Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің (Салық Кодексі) 526 бабына сәйкес мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар - осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;

2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;

3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша;

4) бала кезінен мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

осы Кодекстің 528-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;

6) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайлар мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер;

7) көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша жеке тұлғалар - пәтердің (бөлменің) меншік иелері.