Ұлан ауданының әкімі  2020 жылы атқарылған жұмыстары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері

Ұлан ауданының әкімі   2020 жылы атқарылған жұмыстары  және 2021 жылға арналған міндеттері  туралы есебінің тезистері

Қайырлы күн, құрметті жерлестер, қадірменді қауым!

Өткен жыл Ұлан ауданы үшін, жалпы қазақстандықтар үшін айтулы саяси, қоғамдық, әлеуметтік оқиғаларға толы жыл болды. Мемлекетіміздің тарихындағы үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, барлық денгейлердегі депутаттарды сайладық, қоғам мен мемлекет арасындағы қашықтық қысқарып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелері жаңа форматта шешіле бастады, ұлы Абайдың 175 – жылдығына орайлайстырған, іс-шараларды жүзеге асырып, жерлес батырымыз Төлеген Тоқтаровтың 100-жылдық мерейтойын атап өттік. Ең бастысы, 2021 жылға жаңа жоспарлар мен тың идеяларымызды топтастырып, сенімді қадаммен аяқ бастық.

Аудандағы саясат мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көрсетілген және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы басымдықтар мен тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталды.

2020 жылы Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдарына
1129 өтініш түскен (2019 жылы – 2086 өтініш), оның ішінде
968 (85,7%) өтінішке тиісті жазбаша түсініктемелер беріліп, 152 (13,4%) қанағаттандырылды, 9 өтініш (0,8%) қанағаттандырылмады (2019 жылы – 21 (1 %)), аталған өтініштердің барлығы дерлік жерді пайдалану сұрақтарына қатысты. Өтініштердің азаюы Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға байланысты «Ұлан адалдық алаңы» жобасы аясында әлеуметтік желідегі белсенді жұмыс жүргізудің нәтижесі. «Адал көмек» жобасы аясында Ұлан ауданы бойынша 26 тікелей эфир өткізілді және 63 азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Әлеуметтік желі арқылы 117 сауал түсті, (бұл дайректі санамағанда) сол сұрақтардын барлығына толық жауап беруге тырыстық. Одан басқа да аудан әкімінің және әкімдігінің ресми сайттарында, парақшаларында жұмыстар жүргізілді.

ҚР Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Open space» форматында сервистік әкімдік ашылды. Келуші азаматтар  мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша алуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Бүгінгі күні сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтерді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары тұрақты негізде қызмет көрсетеді.

2020 жылы әлемдегі пандемияға қарамастан аудан экономикасы дамуының оң динамикасы сақталды. Ауданның даму бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда 61% -ға өсті.  Егер 2019 жылы - 2,3 млрд. теңге сомасына 10 инвестициялық жоба іске асырылса, 2020 жылы 3,7 млрд. теңге сомасына 30 жоба іске асырылды. Ағымдағы жөндеуге бөлінген қаражат сомасы 11,4 есеге, 2019 жылы 220,0 млн.теңгеден 2020 жылы 2,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 49,3 млрд, теңгені (өсім 110,1%) құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 190,9% - ға артып, 14,1 млрд. теңгені құрады. Жеке тауар айналымы 107,2% (9,8 млрд. теңге) артты. Тартылған инвестициялар көлемі 15,1 млрд. теңгені құрады, (өсім 147,7%). Жергілікті бюджетке түскен салық сомасы 102,4% артып, 1,7 млрд теңгені құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 49,3 млрд. теңгені немесе өсім 110,1% құрады. Нақты көлем индексі – 100,4%.

2021 жылғы 1 қаңтарға ауданда 61,2 мың бас ірі қара (104,5%), оның ішінде 32,0 мың бас сиыр (121,1%), 80,0 мың бас қой мен ешкі (110,1%), 33,5 мың бас жылқы (114,4 %), 10,3 мың бас шошқа (99,6%) және 1577,7 мың бас құс (90,6%) бар.

46,9 мың тонна ет өндірілді немесе өсу қарқыны 104,2%, сүт – 74,5 мың тонна немесе 109,0% (1 мал азығы әр басына шаққанда 1096 кг), жұмыртқа – 25,8 мың дана немесе 101,2%.

2020 жылы ауыл шаруашлық саласын дамытуға, оның ішінде мал шаруашылығына барлығы 1,8 млрд. теңге, егін шаруашылығына 231,2 млн. теңге, инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың өтемін қайтаруға бөлінген субсидия 323,6 млн. теңгені құрайды.

2 СТФ құрылыс-монтаж жұмыстары және 1 СТФ қайта құру жұмыстары аяқталды. Ұлан ауданы бойынша халықтан 13 сүт жинау пункті жұмыс істейді. Оның ішінде Бозанбай және Тарғын ауылдық округтерінде қосымша 2 СҚП 2020 жылы ашылды. Барлығы 10,9 мың тонна сүт (жылдық жоспардың 102,0%) 2711 бас сауын сиырдан жиналды,  сүт көлемінің өсу қарқыны 146% құрайды. 2020 жылы жаз мезгілінде сүтті сатып алудың орташа бағасы 80 теңгені (75-тен 85 теңгеге дейін), қыс мезгілінде (90-100 теңге) құрады.

2020 жылы егістік алқабы барлығы 117,0 мың гектарды құрады. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 38,36 мың га, майлы дақылдар – 31,62 мың га, картоп – 0,78 мың га, көкөністер – 0,16 мың га және жемшөп дақылдары - 46,08 мың га.

Ағымдағы жылы күзгі егістік жинау жұмыстарын жүргізуге ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына бір литр бағасы 167 теңге болатын 2795 тонна дизель отыны бөлінді. Дәнді дақылдар 38,36 мың га алаңда бастырылды, өнімділігі 7,2 ц/га құрады, жалпы жиыналған өнім көлемі 28,8 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдар 32,0 мың га алқапта бастырылды, өнімділік 10,5 ц/га құрады, жалпы жиналған өнім 33,7 мың тонна.

Мал азығы бойынша 200,0 мың тонна шөп, 11 мың тонна пішендеме және 31 мың тонна сүрлем дайындалды.

Біздің міндетіміз – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыс орталығының азық-түлік белдеуін құру, жер-су әлеуетін тиімді пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өндіріс өнімдерін өндіру, қарқынды технологияларды енгізу есебінен өндіріс тиімділігін арттыру, қайта өңдеуді әрі қарай дамыту.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлері арасында 127 меморандумға қол қойылды (бірінші қажеттіліктегі негізгі тауарға 10% артық емес үстеме қосу жөнінде). Есепті кезеңде 47 жәрмеңкеде 59,9 млн. теңгеге қолжетімді бағалармен өнімдер сатылды.

 

Жер мәселесі

Бүгінгі таңда Ұлан ауданында 603 мың га ауылшаруашылық жерлері бар. Оның ішінде: шабындық – 33 мың га, жайылым – 395 мың га, егістік – 130 мың га. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 17 мың  га 110 жер телімі қайтарылды, оның ішінде: жалға беру шартын бұзу арқылы –
21 жер телімі (3,4  мың га), жалға беру мерзімінің аяқталуына байланысты – 89 жер телімі (13,6 мың га). Жалпы 2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 32 жер телімі (6,8 мың га) байқау негізінде жаңа шаруашылықтарға үлестірілді.

Пайдаланылмайтын жерлер проблемасын оңтайлы шешу үшін түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет. Барлық азаматтар жерді пайдаланбау фактісі расталған жағдайда жер салығы 10 есеге ұлғайтылатыны туралы хабардар емес, егер учаске мәжбүрлеп алынса, аталған азаматта 3 жыл ішінде мемлекеттен басқа жер алуға құқығы болмайды.

 

Әлеуметтік сала

Ұлан ауданында зейнеткерлер саны – 5960, олардың ішінде: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер – 2 адам, тыл ардагерлері - 361 адам. Мүгедектер саны 1280 адам, оның ішінде мүгедек балалар95.

2020 жылы мүгедектерге 17 кресло-арбаша, 70 ортопедиялық және 25 тифло құралдар, 87 мүгедекке 60 142 санитарлық-гигиеналық құралдар берілді.

Әлеуметтік қызметкерлер 260 адамға, оның ішінде 210 жалғыз басты зейнеткерлерге, 22 мүгедек және 28 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетеді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудандық бюджеттен азаматтардың жекелеген топтарына, 1689 адамға 53 млн теңге материалдық көмек көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмекке 114,1 млн, теңге бөлініп, игерілді.

274 отбасыға (1420 адам, 929 бала) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, соның ішінде:

- 116 көпбалалы азқамтылған отбасылар (759 адам, 540 бала);

- 158 азқамтылған отбасылар (661 адам, 389 бала).

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтуға 14,9 млн., теңге бөлінді, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 2778 кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді.

Халықтың жекелеген санаттарына азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 51,5 млн., теңге бөлініп, 2142 адамға төленді.

1) Мүгедектер - 469 адам;

2) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 95 бала;

3) Мүгедек баланы асыраушы отбасылар - 107 отбасы;

4) АӘК алушылардын арасындағы 6 жастан 18-ге дейінгі балалар – 381 бала (175 отбасы).

5) жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар – 190 адам.

Азық-түлік жиынтығының бағасы 1 адамға 5567 теңгені құрайды.

Төтенше жағдайлар және шектеу шаралары кезеңінде уақытша ақысыз еңбек демалысына жіберілген жұмысшы азаматтар мен өзін-өзі қамтыған азаматтардан келіп түскен өтініштері қаралып 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемақы төлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сәуір айынан және 1 қыркүйекке дейін түскен өтініштер бойынша 10709 адам 735,0 млн. теңге көмек алды.

Тұрғын үй көмегі 289 отбасына тағайындалып, 7,0 млн. теңге көлемінде төленді.

 

Жұмыспен қамту                   

Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 2-ші бағыты аясында 2020 жылы жоспар бойынша 194, 0 млн. теңге игеру көзделген, 240,8 млн. теңге игеріліп, (124,1%) 56 жұмыс орны ашылды.

2020 жылы халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны 189 адам, экономикалық белсенді халық санындағы (20586) тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,9 %.

2020 жылы жұмыспен қамту Кешенді жоспары 132,6 %-ға орындалды, жұмыспен қамтудың барлық түрлері мен көздері арқылы аудан бойынша 1171 адам жұмыспен қамтылды.

 

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуда:

  1. "Өскемен құс фабрикасы" АҚ»:

2020 жылдың соңында ИИДМБ-ға "ӨҚФ "ақ бройлер өндірісін жылына 55 мың тоннаға дейін ет өнімдерін кеңейту" жобасы кірді. Инвестициялық жобаның жалпы құны 15 000,0 млн.теңгені құрайды. Ағымдағы жағдайы: қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде, іздестіру жұмыстары жүргізілуде. 713-тен астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

  1. ЖШС "OstFish»:

Саратовка ауылының маңында 2014 жылдан бастап "Бестер гибриді бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы мен етін өндіру" жобасы іске асырылуда. Жобалық қуаттылыққа (45 тонна бекіре еті және 4 тонна уылдырық) шығу 2022 жылға жоспарланған.

  1. "CREADA CORPORATION" ЖШС»:

2020 жылы ИИДМБ-ға "литий тотығы концентратын алу мақсатында пегматит кендерін қайта өңдеу бойынша қазіргі заманғы кәсіпорын құрылысы" жобасы кірді. Инвестициялық жобаның жалпы құны 850,0 млн. теңгені құрайды. Өткізу орны: Ұлан ауданы Өскемен қаласынан 60 км жерде Самар ауылына автомобиль жолы бойымен, Тарғын ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде. Өндірістік қуаты – жылына 30,0 мың тонна, 120-дан астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Барлау және кейіннен өндіру жүргізуге лицензия алынды, геологиялық бағалауға арналған жоба әзірленуде.

 

Туризм – аудан экономикасын дамытудағы ішкі резерв болып табылады. 2020 жылы карантиндік шектеулерге сәйкес саяхатшылар саны 12 686  мың адамды құрап, 52,4% (немесе  13911 мың адамға). Көрсетілген қызмет көлемі 88,3 млн. теңгені құрады, төмендеу  –   46,1%.

Ауданда   туристік нысандар жұмыс жасауда. Жаңа демалыс базалары мен қонақтарды қабылдау орындарын ашу жұмыстары жалғасуда.

Сібе көлдерінің Қоржынкөлінде «Жібек жолы» кешенінің құрылысы жалғасуда. (Жобаның жалпы құны 2,0 млрд. теңге. Бүгінгі күні 50 орындық қонақ үй, 90 орындық асхана, жаздық және қыстық үлгідегі күркелер салынып, судағы демалыс күркелері, екі таудың ортасына арқанжол орнатылды. 120 орындық кафе құрылысы жүргізілуде).

Шалқар көлінде «Сибины» дайвинг-орталығы нәтижелі жұмыс жасады. «Елдос» ш/қ бастамасымен «Аблакетка» су қоймасында спорттық-әуесқой балық аулау клубын ашу жобасын жүзеге асыруда.

Инфрақұрылымды жақсарту үшін Дулығалы көліне дейін автокөлік жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалуда. (Шыбынды көлге баратын жол өтіп жатқан жерді орман шаруашлығы қорынан аудан балансына аудару туралы ҚР Үкіметінің шешімі дайындалуда).

Бестерек ауылында З. Самашев атындағы мұражай құрылысы үшін мемлекеттік ЖСҚ сараптамасы әзірленуде. 

 

Құрылыс 

Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі жалға берілетін және бір 80 пәтерлі кредиттік тұрғын үйдің құрылысы, сондай-ақ көп балалы отбасылар санатынан және тұрғындардың басқа да санаттарынан кезекте тұрғандар үшін 8 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып берілді. 2 көпбалалы жанұяға «Парыз» қорынан тұрғын үй сатып алып берілсе, 5 жанұя «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында үйлерін алды.  Барлығы 103 жанұя өз пәтерлері мен жеке үйлеріне қол жеткізді. Жыл қорытындысы бойынша 17,8 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өсім – 291,9%. 2021 жылы бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады.

Таврия ауылында аудандық аурухананың шатырына  38,7 млн. теңге, Бозанбай ауылында провизерлік ауруханаға 94,0 млн. теңге, 6 мәдениет мекемесіне 90,0 млн. теңге сомасына жөндеу жүргізілді (қ. Қайсенов, Тарғын, Сағыр, Айыртау, Ұлан, Привольное ауылдары). Мамай батыр ауылындағы көпірге (287,7 млн.теңге) және Герасимовка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйесіне (290,7 млн. теңге) қайта жаңарту жүргізілді, Айыртау (20,9 млн. теңге), Алмасай (20,3 млн. теңге), Ұлан (33,5 млн. теңге) ауылдарындағы су құбырларына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қасым Қайсенов  кенті мен Таврия ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізілді (236,0 млн.теңге). Сондай-ақ, аудан орталығында орталық қазандықтың қазандық агрегаты (188,2 млн.теңге), сумен жабдықтау жүйесі (89,8 млн. теңге) жөнделді, 4 кварталдың трансформатор станциясының құрылыс-монтаж жұмыстары (57,2 млн. теңге) және КСС ағымдағы жөндеу жұмыстары (15,0 млн. теңге), 3 балалар ойын алаңдары мен 1 спорттық воркауттарды салу жүргізілді. 7 көп қабатты үйдің аулаларына орташа жөндеу жүргізілді (№№ 10 – 12, 20 – 23). Донской және Ұлан ауылдарында футбол және хоккей алаңдары орнатылып, Бозанбай ауылындағы саябақ абаттандырылды. Таврия-Каменка жолдарын орташа жөндеу бойынша жоба іске асырылды (344,0 млн. теңге), Самар трассасы-Манат ауылы (295 млн.теңге). Демеушілік қаражат есебінен аудан орталығында 5 спорттық-балалар ойын алаңдары орнатылып, Бестерек және Жоғарғы Тайынты ауылдарында көпірлер салынды.

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету де біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Ел Президенті Қазақстанның барлық халқын орталықтандырылған сумен жабдықтау көздеріне қосу қажеттігі туралы міндет қойды. Біздің ауданда 2018 жылы АЕМ-дер 34% - ға немесе 16 елді мекенге, 2019 жылдың соңына қарай 45 елді мекеннің 26-сы немесе 57,8% - ы қамтамасыз етілді. 2020 жылы Тарғын ауылында су құбыры жүргізіліп 3 ауылда блокты-модульді су беру станциялары орнатылды немесе қазір АЕМ халқының 66,7% - ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Қасым Қайсенов кентінің (831 млн. теңге) КНС-ын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Герасимовка ауылында сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары аяқталып қалды. Сағыр және Ново-Одесское ауылдарында су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстары басталды, Гагарино ауылында, су құбырының құрылысы 2021 жылы бастау жоспарланған. 2023 жылға дейін ауданның 10 елді мекенінде (Айыртау, Алмасай, Қ.Қайсенов, Митрофановка, Каменка, Саратовка, Ұлан, Таврия, Бозанбай, Асубұлақ) қолданыстағы су құбыры желілеріне жөндеу жүргізіледі. Тағы 7 АЕМ-ге (Пролетарка, Жоғарғы Тайынты, Баяш Өтепова, Ізғұтты Айтықова, Алғабас, Отрадное, Бестерек) ЖСҚ әзірлеу сатысында. Сондай-ақ, 2 АЕМ (Огневка, Макеевка) үшін ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Нәтижесінде 2023 жылға қарай халықтың ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі 100% - ды құрайды.

 

Интернет және ұялы байланыс

"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі ҚР Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады. Іс-шараларды қаржыландыру меншікті және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда "Кар-Тел" (Билайн) және "Теле 2" ЖШС компаниялары Ұлан ауданының елді мекендерінде халық саны 250 адамнан асатын Интернетке (3G/4G) қол жеткізуді және мобильді байланысты қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асырды. Ново-Азовое, Баяш Өтепов, Отрадное, Жоғарғы Тайынты, Митрофановка, Каменка, Огневка, и.Айтыков, Пролетарка, Асубулак ауылдарында ұялы байланыс сигналдарын қабылдау және тарату үшін мұнаралар орнатылған.

Сондай-ақ, 2020 жылы" Қазақтелеком "АҚ Асубұлақ, Бозанбай, Тарғын және Ұлан ауылдарында" «Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасын іске асырды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ұлан ауданы, Айтықов, Бестерек, Огневка ауылдарында Интернет желісіне қосылу үшін байланыс желілері орнатылды.

Ауданда ұялы байланыспен және интернетпен 27 елді мекені немесе 60% қамтылған.

 

Жол мәселесіне келетін болсақ, өткен жылы жолдарды күтіп-ұстауға 100,0 млн. теңге қаражат бөлінді, 5400 м² жолға шұңқырларды жабу, 121 шақырым жол жабындысын тегістеп жөндеу, 3 су өткізгіш құбырын жөндеу, жол жиегіндегі шөпті шабу, жол белгілерін орнату сынды жұмыстар жүргізілді.

2020 жылы Ұлан аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу объектілерінде жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 4,0 млн.теңгеге келісім-шарт жасалды. Келесі объектілер бойынша жол жөндеу жұмыстарының сапасына бақылау жүргізілді:

- "Таврия-Каменка-Тройницкое" автомобиль жолының  10-30 шақырым учаскесін орташа жөндеу;

- Қасыма Қайсенов кентінің көшелерін орташа жөндеу;

- Таврия ауылындағы Қасыма Қайсенов көшесін орташа жөндеу;

- Мамай батыр ауылындағы көпірді қайта жаңғырту.

Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 61,9%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, осы саладағы негізгі мақсат 2021 жылға қарай бұл нәтижені 76,1% деңгейіне дейін (АДБ бойынша) көтеру болып табылады.

 

Білім беру

Балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы балалар 100% қамтылған,
1-3 жас аралығында балаларды қамту – 90%. Балабақша кезегінде 320 бала бар. Бұл мәселені мемлекеттік жеке-меншік серіктестік аясында балабақшалар салу арқылы шешу жоспарланған. 2020 жылда Асубұлақ кентінде 75 орындық жеке меншік балабақша ашылды. 2020 жылы 4 мемлекеттік және 6 жеке меншік балабақшаларға  ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты орындау үшін 537 млн. теңге бөлінді.

Ауданда 31 орта білім беру мектепте 5334 оқушы білім алды. Әлеуметтік көмек қажет ететін 1624 оқушы тегін мектеп формасы, күздік аяқ-киім, мектептегі тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа 158 млн. теңге бөлінген.

2020 жылы  217 түлек мектеп бітірді. ҰБТ қатысушылар көрсеткіші – 70% немесе 2019 жылмен салыстырғанда 6 % жоғары, 8 түлек «Алтын белгі»,      5 түлек «Үздік аттестат» алды. 89 түлек грантқа оқуға түсті, оның ішінде 11 бала ШҚО әкімінің гранты арқылы білім алуда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев педагогтардың еңбегін әрдайым жеке атап  және елдегі алғашқы "Еңбек Ері" атағы қарапайым мұғалімге берілгені кездейсоқ емес. Біздің елімізде Президент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Педагогтердің жалақысын 200 пайызға көтеру таяу жылдары жүзеге асырылады. Бұдан басқа Елбасының тапсырмасы бойынша "педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Біз мектептер мен балабақшаларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық қажетті мәселелерін шештік. 2020 жылы 22 мектеп жөнделді (447,1 млн. теңге). Ауданның барлық мектептерінде ішкі кәріз жүйесі орнатылған. Барлық білім беру мекемелері бейнебақылаумен, интернетпен, жаңа модификация кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Р. Мәрсекова атындағы мектеп базасында, Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарттары бойынша мекемені қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда.

 

Медицина саласы

Ауданда 1 аудандық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 20 медпункт халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Тұрғындардың жалпы сырқаттану деңгейі 8,6% - ға төмендеді, ана өлімі тіркелген жоқ. Онкоауруға шалдыққандар 6,8%-ға, өлім 8,6%-ға төмендеді.

Біздің ауданымызға 8 жаңа жедел жәрдем көрсету арнайы көліктері берілді.

 

Мәдениет саласы бойынша ауданда бүгінгі күні 1 аудандық мәдениет үйі,  2 ауылдық мәдениет үйі, 19 клуб, 9 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Мәдениет мекемелерінде 1408 адамды қамтыған 105 үйірме бар. «Халықтық» атағы бар 8 ұжым жұмыс істейді.

Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтардың іші-сыртын ағымды жөндеу жұмыстарына 90,6 млн. теңге бөлініп, Тарғын, Сағыр ауылдық клуб ғимараттарының төбесі, Айыртау ауылдық клубының фасады және Ұлан, Привольное ауылдық клубтарына  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылғы айтулы оқиғалар қатары Абайдың 175 жылдығы, философ Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы  болды. Осы бағытта жыл көлемінде  барлығы 529 мәдени шара өткізіліп 98212 адамды қамтыды. Оның ішінде жеке әншілердің 17 онлайн концерті берілді.

«Мәдени мұра» бойынша ауданда Республикалық реестрде тіркелінген 1 республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш «Аблайкет қорғаны» және 36 жергілікті маңызы бар тарихи -  археологиялық ескерткіштер бар.         

Бүгінгі күні Республикалық тізімде тұрған барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің тірек жоспары мен сызба карталары «Өскемен Архфонд» өндірістік шығармашылық бірлестігіне тапсырыс беру арқылы жасалынды.

 

Дене шынықтыру және Спорт

Бұқаралық спортты дамыту және халықты спортқа тарту үшін спорт ғимараттарының саны 226. Оның ішінде: 3 стадион, 4 спорт кешені, 12 хоккей қорабы, 126 жазық алаң, 37 спорт залы бар, оның ішінде 35 спорт залы жапсарлас салынған.

Халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту 13 528 адамға жетті, бұл аудан халқының жалпы санының 35% құрайды. Ауданда 1328 мүмкіндігі шектеулі адамның 31-і спортпен тұрақты айналысады.

Ауданда бұқаралық спортты насихаттау және дамыту мақсатында 2020 жылы 50 аудандық, 1 облыстық, 1 республикалық іс-шаралар өткізілді. Аудандық жарыстарға қатысушылар саны 4400 спортшыны құрады.

2020 жылдың қаңтар айында Екібастұз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Айшагүл Елеубаева қола жүлдегер атанды.

Аудан хоккейшілері "Ұлан-Багратион" командасында, Привольный және Таврия орта мектептерінің оқушылары, ағымдағы жылдың ақпан айында Риддер қаласында өткен шайбалы хоккейден облыстық турнирде ІІІ орынға ие болды.

2020 жылдың 15 ақпанында Қасым Қайсенов кентінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне волейболдан аудандық турнир өткізіліп, Ұлан ауданының командасы І орынға ие болды.

2020 жылдың 1-3 ақпан аралығында Өскемен қаласында өткен армрестлингтен ШҚО чемпионатында Ұлан ауданының командасы І-орынға ие болды.

2020 жылдың 16-19 қаңтар күндері ШҚО тоғызқұмалақ чемпионатында қыздар мен ұлдар командасы ІІ және ІІІ орындарды иеленді.

2020 жылдың 10-12 қаңтарында дзюдодан әйелдер арасындағы ШҚО чемпионатында Сәбиолла Нұржаз-1-ші орын алды.

 

Қылмыспен күрес

2020 жылы қылмыспен күресуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесінде тіркелген қылмыс саны 207-ден  253 (2019 жыл) фактіге немесе қылмыс деңгейі 18,2% азайды. Орта деңгейдегі қылмыс 86  (2019 жылы – 183 іс) -53% азайды, аса ауыр қылмыс – 3  (2019 жылы – 1 іс), мүлік ұрлығы –77  (2019 жылы – 166 іс) -53,6  пайызға азайды, мал ұрлығы – 33 (2019 жылы – 46 іс) - 28,3%, пәтерді немесе үйді тонау – 8 (2019 жыл – 16 факт) - 50%  төмендеді.

 

Құрметті жерлестер!

Жоғарыда аталған және басталған барлық жұмыстар міндетті түрде жалғастырылатын болады, бұдан басқа, келесі жылы дамудың негізгі акценті аудан орталығынан басқа ауылдық елді мекендерге ауыстырылатын болады деп жоспарлап отырмыз . Атап айтқанда, бұрынғы екі аудан орталығы Бозанбай, Таврия және Айыртау ауылдарында ішкі тірек жолдар жөнделетін болады, сондай-ақ біз осы ауылдарда үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды, Сағыр ауылында ФАП жөндеу жоспарлап отырмыз. Әрине қалған АЕМ назардан тыс қалмайды. Жолдарды, әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу және салу, көшелерді жарықтандыру, таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.

 

2021 жылға жоспар:

  • Тұрғындардан сатып алынатын сүт көлемін 11 мың тоннаға жеткізу;
  • Ауылшаруашылық жерлерінің заңнамаға сәйкес пайдаланылмайтын телімдерін анықтау және қайтару жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру, жер телімдерін тиімді пайдалану;
  • Қасым Қайсенов 40 пәтерлі жалдамалы екі тұрғын үйдің құрылысын бастау;
  • 7 елді мекенде ауыз су жүйелерінің құрылыстарын бастау;
  • Қасым Қайсенов кентінде 8 екіпәтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысын аяқтау;
  • Таврия ауылында 3 екі пәтерлі, Бозанбай ауылында жалдамалы тұрғын үй 7 пәтер құрылысын аяқтау;
  • Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендер үлесін
    73,5%-ға жеткізу;
  • Манат ауылына автожолының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жалғастыру;
  • Қасым Қайсенов кентінде мектептің, балалар музыка мектебінің, жастар саябағының, емхананың құрылысын бастау;
  • Таврическое, Бозанбай және Айыртау ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу;
  • Ұлан ауданындағы туризмді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруды жалғастыру.
  • Таврия, Бозанбай және Айыртау ауылдарында көшелерді орта жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Сағыр ауылында ФАП нысанына күрделі жөндеу жүргізу.

Осылайша Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Мемлекет басшысы, ел Президенті Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында атап өткен алдымызға қойған барлық міндеттерді кезең-кезеңмен іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Биылғы жыл бәріміз үшін сынақ болды. Медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарына, еріктілерге, мемлекеттік қызметшілерге - өздерін аямай, пандемиямен күресіп, алғы шепте жұмыс жасап жүргендері, бізге бұрынғы өмірімізге оралуға мүмкіндік бергендері үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді!

Біз ұландықтар әрқашан өзіміздің бірлік пен ұйымшылдықты, еңбекқорлық және жауапкершілігімізді, алдымызда тұрған міндеттер сапалы және абыроймен орындауға дайын екендігімізді көрсетеміз.

 

Қадірменді қауым! Құрметті жерлестер!

2020 жыл біз үшін бірлік пен ынтымағымыз сыналған сын сағатына айналды. Қалыптасқан қиындықтарға қарамастан біз жетістіктерді жалғастырып, халықтың көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Атқарылған жұмыс жетерлік, алайда, істейтін жұмыс одан да көп. Сондықтан, барлық жерлестерімізді тыныштығымыз бен татулығымызды ту етіп, әл-ауқатымызды арттыру жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз.

Ауданымыздың дамуына қарқын беретін ішкі резерв жоғары. Ең бастысы бірлігі жарасқан еңбекқор халқымыз бар. Жұмысшылар мен мемлекеттік қызметшілердің, әкімшілік пен қоғамның басқа да секторларының бірлесіп атқаратын тиісті жоспарлары мен міндеттері айқын.

 

Назарларыңызға рахмет!