2021 жылғы 26 ақпан мен 01 наурыз аралығында Ұлан ауданының аумағында "Тұрмыс" республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізеді

2021 жылғы 26 ақпан мен 01 наурыз аралығында Ұлан ауданының аумағында "Тұрмыс" республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізеді

Қылмыстық жағдайды сауықтыру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында,  Ұлан ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 2021 жылғы 26 ақпан мен 01 наурыз аралығында Ұлан ауданының аумағында "Тұрмыс" республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Ұлан ауданының Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді.

Ұлан ауданының Жергілікті полиция қызметі аудан тұрғындары мен қонақтарын полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуді және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілік танытуды сұрайды.