БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты  

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты  

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері 

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.02.2020 жылдан бастап 01.02.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2,  триллион теңгеден аса немесе 21% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,8 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 20%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 324,4 млрд теңге (өсім 29%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 13%) жетті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі бір ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 176,7 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,5 млрд теңгеге артық.

2021 жылдың басынан бері БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 88,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге немесе 3% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 93,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 82,8 млрд теңге (өсім 2%), 5,9 млрд теңге (өсім 20%) МКЗЖ бойынша келіп түсті, 29 млн теңге (өсім 82%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (жыл ішіндегі өсім 11%). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 10 977 453 (жыл ішіндегі өсім 11%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 529 571 (өсім 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 59 034 (өсім 8%).

Төлемдер 73,8 млрд теңгені құрады, 2020 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіштермен салыстырғанда сома 55,9 млрд теңгеге ұлғайды. Көп жағдайда мұндай өсу 2021 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының күшіне енуімен байланысты.

Осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні, 2021 жылдың 1 ақпанында БЖЗҚ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан БЖЗҚ-ға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банк» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49 млрд теңге болатын 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома салымшылардың арнайы шоттарына аудару және әрі қарай мақсатты пайдалану үшін «Отбасы банк» АҚ-ға аударылды.

Осыған байланысты БЖЗҚ-дан төлемдер өсті. Сонымен қатар, төлемдер сомасы бойынша сақтандыру ұйымдарына да аударымдар жасалды (9,1 млрд теңге), одан кейінгі орында жасына байланысты төлемдер (6,5 млрд теңге), мұрагерлерге (5,9 млрд теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ шығу бойынша төлемдер (2,1 млрд теңге), жерлеуге арналған төлемдер (0,4 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдер (0,2 млрд теңге).             

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).