Балалар – біздің ертеңгі болашағымыз. Қазіргі уақытта балалардың өрт қауіпсіздігі және басқа да қауіпсіздік шараларын білмеу салдарынан оқыс оқиғалар көптеп орын алып жатыр. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында, Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Ұлан ауданының білім беру мекемелерінде оқушылармен «Мұз бетіне шығудың қауіптілігі», «Балалардың отпен ойнауының қауіптілігі», «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізуде, аталған іс-шаралар ауданымыздың әр білім беру орта оқушыларымен ұйымастырылады.
Ашық сабақта қазіргі уақытта өзекті мәселе тұрғын үйлерде жылыту маусымының басталуына және ауа райының күрт сууына байланысты иіс тиюдің және өрт фактілерінің алдын-алудың негізгі ережелері және мұздағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, ер балаларға Көкшетау техникалық институтына түсудің шарттары, оқудың қандай басымдылықтары бар екендігі айта кетілді.
Ұлан ауданының ТЖБ