«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.
Декларация нысаны – «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 нысан.
2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсырады?
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарына болып табылатын, мынадай тұлғалар:
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар декларация тапсырады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі:
Қағаз түрінде – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
Электрондық түрде – 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:
Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov.kz) мобильді қосымшалары арқылы.
Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қайда тапсыру қажет:
Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы) тұрғылықты жері бойынша декларация тапсырады.
Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда:
2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылғаннан кейін, 2022 жылдан бастап жыл сайынғы Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру міндеті туындайды.
Салық кодексінің 356-бабының 1-тармағында төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) жеке тұлға өзі есептейді және бюджетке төлейді деп көзделінген.
Ондай кірістерге мыналар:
Кірістердің осы түрлері болған кезде жеке тұлғаға ЖТС бойынша декларация (240.00 нысан) тапсыру міндеттемесі туындайды.
ЖТС бойынша декларация орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей 10% ставкасын қолдана отырып және ЖТС төлемі белгіленген мерзімнен кейін 10 күннен кешіктірмей табыс етіледі.