2020 жылы БЖЗҚ салымшыларына 193 миллиард теңгеден аса қаржы төленді

2020 жылы БЖЗҚ салымшыларына 193 миллиард теңгеден аса қаржы төленді

2021 жылдың 1 қаңтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  364 799 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 193,4 миллиард теңгеге 2,4 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 67,7 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 46,3 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 36,8 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 36,5 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 4,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,7 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  22 978 теңге, ал  ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).