Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясы туралы

Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясы туралы

2021  жылғы  22 қаңтар  күні  сағат 11-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс  ІІ сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

Ұлан ауданның аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Б. Ақпанова депутаттарды таныстырды, қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды .

Аудан әкімінің ұсынысына сәйкес, «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы сұрақ қаралды.

Сұрақтар  шешімінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға аудан әкімі Н.Сақтағанов, аудандық мәслихаттың 12  депутат қатыстып, ол  100  пайызды  құрады.

Ұлан аудандық мәслихат