Ұлан ауданы бойынша 2021 жылдың 20 қаңтардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің нәтижесі туралы мәлімет

Ұлан ауданы бойынша 2021 жылдың 20 қаңтардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің нәтижесі туралы мәлімет

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімінің  және жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн – режимінде өткізілді.

Өткізілген бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін өтетін бос жұмыс орындары, жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеген адамдарды жұмыспен қамту.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқандар: Ұлан аудандық «Нұр Отан» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Мусин Д. М.,  мекемелер мен кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер.

Барлық қатысқандар – 26 адам.

Жәрмеңкеге барлығы 9 жұмыс беруші мекемелер қатысты, олар: Ұлан аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ,  «Ұлан ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК ШЖК, «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ, «Ұлан ауданы әкімдігінің «Коммунальник» КМК, «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, «Багратион Улан» ЖШС,  КМҚК «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі».

Мүгедектер – 10 адам.

Жәрмеңкеге қатысқан мүгедектердің арасынан 1 адамға жұмысқа жолдама берілді, 4 адамға қоғамдық жұмысқа жолдама берілді.

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының міндетін атқарушы Г. Конысбекова