Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

Дауылды ескерту ҚҚ № 11 2021 жылғы 20 қаңтардан 2021 ж. 20 қаңтардың сағ. 21-ден 2021 ж. 21 қаңтардың сағ. 21-ге дейін

21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

 

Дауылды ескерту ҚҚ № 10 2021 жылғы 20 қаңтарда 2021 ж. 20 қаңтардың сағ. 11-ден 2021 ж. 20 қаңтардың сағ. 21-ге дейін

20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

 

Дауылды ескерту АГҚ №05 2021 жылғы 20 қаңтардан 2021 ж. 21 қаңтар 21 сағ. 23 қаңтар 21 сағ. аралығы

21-22 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 22 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

22 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. 

22-23 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. 

22-23 қаңтарда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 22, түнде       23 қаңтарда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі