Бүгін аудан орталығындағы Балалар музыка мектебінде Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған «Ұстаз – ұлттың ұстанымы» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне алғыс білдірдім. Еңбегімен ерекшеленген педагогтер марапатталып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Абай Құнанбайұлы «Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан болады» деген. Ұстаз еңбегі – жас ұрпақтың қалыптасуы мен ел болашағына қосылатын маңызды үлес.
Барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби қызметтеріне табыс тілеймін! Шәкірттерінің жетістігі еселене берсін!