Дүниежүзілік туризм күніне орай Ұлан ауданындағы туристік саланың өкілдерімен кездестім.
Кездесуге туристік бизнес өкілдері, демалыс базаларының басшылары, гидтер, экскурсоводтар, өлкетанушылар, кәсіпкерлер және мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жиында ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану, инфрақұрылымды дамыту, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыру және туристер ағынын арттыру мәселелері талқыланды. Ауданымыздың табиғи, тарихи-мәдени әлеуеті жоғары. Сібе, Дубыгалы, Шыбынды көлдері, тау-орман ландшафттары мен тарихи-киелі орындар туризмнің түрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жазушы, зерттеуші Борис Щербаковтың «Коктау — көлді Көктаудың өлкесі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шара аясында туризм саласын дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Ауданда туристік инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа бағыттарды қалыптастыру және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғасады.