"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй инфрақұрлымын дамыту

"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй инфрақұрлымын дамыту

Алмасай ауылында қуанышты жаңалық – бүгін тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстадым. Жаңа баспанаға ие болған отбасылар үшін бұл – көптен күткен арманның орындалған ерекше сәті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдарды дамыту және халықтың тұрмыс сапасын
арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуде.

2024–2026 жылдар аралығында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында оффтейк-келісімшарттар негізінде 210 пәтер салынды. Биыл жалпы ауданы 4 850 шаршы метр болатын 62 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 779 азамат тіркелген. Алдағы уақытта да ауыл тұрғындарын сапалы баспанамен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру жұмыстары жалғасын табады.