
Таврия ауылындағы қазандықтың 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы маусымына дайындығын
тексеру мақсатында «Шығыс Жылу» акционерлік қоғамының өкілдерімен бірлескен жұмыс
жүргізілді.
Тексеру барысында қазандық пен жылу желілерінің техникалық жай-күйі, жылыту маусымына
дайындық бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ объектінің дайындық паспортын алу үшін
қажетті техникалық және пайдалану құжаттамасының әзірлігі қаралды.
Тексеру жұмыстарына «Шығыс Жылу» акционерлік қоғамының техникалық директоры А. Букатов, жылу энергиясын өндіру департаментінің директоры И. Заруднев, жылу энергиясын беру департаментінің директоры А. Оспанов, қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Р. Шагиев және өндірістік бақылау жөніндегі бас инспектор Д. Шарапиев қатысты. Тексеру қорытындысы бойынша қазандықтың алдағы жылыту маусымына дайындық деңгейіне оң баға берілді. Сонымен қатар жылыту кезеңінде жылумен жабдықтаудың тұрақты, сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.