Бүгін Қасым Қайсенов кентіндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жобасының іске асырылу барысымен таныстым. Нысанның құрылысы 2024 жылғы қараша айында басталды. Жобаның негізгі мақсаты – кент тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттыру.
Жоба аясында «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ново-Усть-Каменогорск су жинау орнынан магистральдық су құбырын тарту көзделген. Қазіргі уақытта 13 шақырымға жуық магистральдық және 7 шақырымға жуық кентішілік су құбыры желілері төселді.
Сондай-ақ су жинау құрылыстары салынуда. Бүгінде жалпы сыйымдылығы 1 900 текше метр болатын екі таза су резервуарының құрылысы аяқталды. Екінші көтерілімдегі сорғы станциясының құрылысы жалғасуда.
Құрылыс жұмыстарына 12 бірлік арнайы техника және 30 маман жұмылдырылған. Нысанды аралау барысында жұмыстарды белгіленген мерзімде және сапалы орындау қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар құрылыс барысында бұзылған аумақтарды сапалы қалпына келтіру және абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жобаны ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Жұмыстардың барысы тұрақты бақылауда.