"Дружба" ШҚ-дағы егін жинау науқаны: Сапардың басты ақпараттық себебін көрсетеді

"Дружба" ШҚ-дағы егін жинау науқаны: Сапардың басты ақпараттық себебін көрсетеді
Бүгін «Дружба» шаруа қожалығына барып, егін жинау жұмыстарының барысымен таныстым.
 
Шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы саласында 30 жылға жуық уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан отбасылық шаруашылық. Оның негізін қалаған Василий Степанович Гладышевтың кәсібін бүгінде ұлдары Василий және Григорий Гладышевтер жалғастырып, дамытып келеді. Василий Гладышев «Ауыл» партиясынан аудандық мәслихат депутаты ретінде де қоғамдық қызмет атқарып келеді.
Шаруашылықтың негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығы және шөп тұқымдарын өндіру. 2 мың гектар алқапта күнбағыс, бидай, сұлы, судан шөбі, эспарцет, жоңышқа және арпа өсіріледі.
 
Мал шаруашылығы да қатар дамып келеді. Қожалықта шамамен 200 бас ірі қара, 250 қой және 30 жылқы бар. Мұнда 35 адам еңбек етіп, 25 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмысқа тартылған.
Сапар барысында егін жинау науқымының барысымен танысып, техниканың дайындығын және еңбек ұжымының жұмысын көрдім. Жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, науқан штаттық режимде жалғасуда.
 
«Дружба» шаруа қожалығы – көп жылғы еңбек пен ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытып келе жатқан отбасылық шаруашылықтың жақсы үлгісі.