Бүгін «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамының басшылығымен — бас директордың міндетін атқарушы Марина Шацкаямен және ауданның Тұрақты даму қорының директоры Сырым Қайсарбековпен кездестім.
Кездесу барысында кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыттары, оның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ауылдық инфрақұрылымды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ауданның одан әрі дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.