Мобильді топтың жұмысы

Мобильді топтың жұмысы

Ұлан ауданында карантинге байланысты 1 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мониторингтік топтың құрамына аудан әкімдігінің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, полицияның, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының, СЭС өкілдері кірді. Қазан және қараша айларында жеті мобильді топ мониторинг жұмысты жүргізуде. Өткізілген рейдтер саны – 44. Барлығы 607 нысан, сондай-ақ автобус бағыттары тексерілді. Нәтижесінде 33 каранттиндік режимді бұзушылық анықталып, 1 375 110 теңге айыппұл салынды. Қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген, сондай-ақ карантиннің басқа да талаптарын бұзған ауданның төрт тұрғынына қатысты хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, Асубұлақ кентіндегі дүкен сатушыларына карантин ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Қазіргі уақытта Ұлан ауданында осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі