Каменка ауылына жұмыс сапары

Каменка ауылына жұмыс сапары

Жұмыс сапары аясында Каменка ауылына барып, тұрғындармен кездестім. Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен маңызды бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, автобус қатынасын қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп жүргізілуде. Сонымен қатар, егін жинау науқанының барысы, су құбыры желілерін жөндеу, алдағы жылыту маусымына дайындық және ауылдың орталық көшесін абаттандыру, оның ішінде асфальтбетон жабындысын төсеу мәселелері қаралды.

«Отбасы банк» акционерлік коғамымен бірлесіп, Бір қабатты Шығыс бағдарламасы аясында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үйлерді бөлу мәселелері бойынша жұмыстар жалғасуда. Тұрғын үйлерді бөлу үдерісінің ұзаққа созылуына байланысты баспаналардың кілтін табыстау мәселесі бақылауда. Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.