Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ветеринария саласы – мал шаруашылығының орнықты дамуын, эпизоотиялық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бен жауапты еңбектеріңіздің арқасында ветеринариялық қауіпсіздік нығайтылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Сала ардагерлеріне көпжылдық адал еңбегі мен мол тәжірибесі үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа бастамалар тілеймін!