2020 жылдың 19 қарашасы күні "Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында" тақырыбында аудандық онлайн семинар өтті. Семинарды аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Нұршат Алтайхановна Абдуллина мен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Роза Ибраевна Кустубаева ұйымдастырды. Оған ауылдық округтер мен кенттерден әйелдер кенесінің төрайымдары мен мүшелері, жергілікті әкімдіктердің бас мамандары қатысты. Семинарда азаматтардың мүддесін қорғауға кепілдік бере отырып, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру туралы және азаматтардың мәселелерін жай ғана тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз екені, ең бастысы-дұрыс және әділ шешім шығару қажеттігі айтылды. Семинар соңында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Ұлан ауданың ішкі саясат бөлімі