Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.
Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.
Естеріңізге сала кетейік «Ашық есік күнінің» онлайн-форматта қазақ тілінде 27 қарашада сағат 12-00 және 16-00 онлайн платформада өтеді.
Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен паролі енгізіледі.
Event- жиналыс: |
«Ашық есік күніне» «ЕНПФ» |
|
Event- жиналыс адресі: |
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e8b4978ef91e84212f53632c117e272a2 |
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb44ad6dcc4ac32970255cef92d143217 |
Күні мен уақыты: |
27 қараша 2020 г. 12:00 Ортаазиялық уақыт (Алматы,GMT+06:00) |
27 қараша 2020 г. 16:00 Ортаазиялық уақыт (Алматы, GMT+06:00) |
Event- жиналыс нөмірі: |
176 638 0341 |
176 976 1030 |
Event- жиналыс паролі: |
123456 |
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!