
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері – Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – Елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін – 3 (үш) жұмыс күні; аудандар үшін – 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – Электрондық (жартылай автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 1) жылжымайтын мүлікке мекенжай тағайындалғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап; 2) жылжымайтын мүлік мекенжайы жойылғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері – Тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізімі – жылжымайтын мүлікке мекенжай тағайындау үшін:
2) жеке куәлікті куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (сақталымдар) туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), өкілеттіктерді растайтын құжаттар (қамқорлық белгіленгенін растайтын құжат, сенімхат), қызмет көрсетуші ШЭҚ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.