«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше   (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-send- phishing-emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateley-apple/, https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshenniki- vshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қасакөйлер PayPal төлем жүйесін
пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған
хабарламалар таратуда.
Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі
киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып,
хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.
Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны
туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген
телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.
Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты
бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:
- құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды
орнатуды ұсынады;
- құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;
- шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық
тәсілдерді пайдаланады.
Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау
ұсынылады:
- күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау
шалмау;
- сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;
- бөгде бағдарламаларды орнатпау;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау
қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.