
Ұлан ауданының учаскелік референдум комиссия мүшелері үшін «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында қатысушылар практикалық ситуациялық кейстерді талқылап, референдумды дайындау және өткізу кезеңдеріндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталған топтық тапсырмаларды орындады.
Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясысының тренерлері өткізді.
Іс-шара қорытынды тестілеумен аяқталып, нәтижесінде қатысушылардың алған білімдері мен практикалық дағдылары бекітілді.