
Алдағы республикалық референдумға дайындық мәселесіне арналған жұмыс кеңесін өткіздім.
Кеңеске әкімнің орынбасарлары, мәслихат пен «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағалары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары және қоғам өкілдері қатысты.
«Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы М. Аменов «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Конституциясы үшін” аудандыш штабының жұмысы және халықты ақпараттандыру мен азаматтардың референдумға қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспары туралы баяндады.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Сергазина тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының барысы, қоғамдық бірлестіктермен және аудан активімен өзара іс-қимыл, сондай-ақ науқанның визуалды безендірілуі мен ақпараттық сүйемелденуі жөнінде ақпарат берді.
Алдағы референдумның стратегиялық маңызы ерекше атап өтіліп, Конституция жобасының мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны айтылды.
Халықты ақпараттандыру жұмыстарын күшейту және конституциялық реформаларды ілгерілету бойынша нақты тапсырмалар берілді.