Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында І. Айтықов атындағы орта мектебі мен Ново-Қанайка ауылындағы Қанай орта мектебінің учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары 5-9 сынып оқушылары арасында «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Сынып сағаттары барысында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негіздері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, интерактивті форматта пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашақта сайлау үдерісіне саналы түрде қатысуына оң ықпал етті.